STUDEX өзінің системалары үшін –жоғары талғамда әртүрлі формадағы, конструкциядағы, өлшемдегі алуан түрлі медициналық сырға-инелерді ұсынады. Сырға-инелер зарарсыздандырылған қаптамада, аллергия туғызбайды және де ЕС, Денсаулық сақтау министрлігі, FDA директиваларына сәйкес келеді.
Барлық сырға-инелер заманауи дизайнмен жасалған, сол себепті кейін жай әшекей ретінде тағуыңызға болады.
- STUDEX өзінің өнімдері үшін тек қана сапалы, тексерілген, қауіпсіз материалдарды пайдаланады:
- Құрыш: жоғары сапалы медициналық құрыш пайдаланылады.
- Титан: өте төзімді металл, өзінің аллергия туғызбайтындығымен танымал, сыртқы ортаға берік.
- Тастар: «алмазды» бедерлеуге келетін (циркон) жасанды, синтетикалық тастар мен Сваровски шығарған кристаллдар.
- Меруерт: аллергия туғызбайтын жоғары сапалы пластиктен жасалады.
Біздің тұтынушыларымызSTUDEX сырғаларының басқа да желілерін жиі сұрап жатады. STUDEX күнделікті әшекей ретінде тағу үшін SELECT желісін ұсынады. Біздің мамандар сырғаның құрамына беретін аллергиялық әсерлерге байланысты профилактикалық мақсаттарды көздеумен бірге жоғары сән үлгісіне сәйкес келетін арнайы SENSITIVEжелісін ойлап шығарды. Бұл сырғалар терісі нашар қыздарға арналып шығарылған, олар медициналық мақсатқа да, күнделікті тағуға да жарайды, мүлдем аллергия туғызбайды.