Благовец – құлақ тестіретін күн

Благовест

Сіз Болгарияда жыл сайын 25 наурыз күні Благовец мейрамын тойлайтынын білесіз бе? Болгария мәдениетінде Аса қасиетті Құдай Ананы құрметтеу мейрамын дәл осылай атайды. Христиандық сенім бойынша дәл осы күні Гавриил деген періште Қыз Мәриямға Әулие Рухтан бала көтеріп, Құдайдың баласы Иса пайғамбардың анасы болатынын айтады. Христиандық конфессиялардың көбісінде, православиелік, рим католик, лютерандық және ағылшындық шіркеулерде бұл күн аталып өтіледі. Благовец болгар тілінен аударғанда «ізгі хабар» деген мағынаны білдіреді. Бірақ шіркеулік сенімнен бөлек, халық арасында Аса қасиетті Құдай Ананың ана болуы туралы хабары ғана емес, көктемнің келуі туралы хабар деп те айтылады. Бұл күні табиғат ұйқыдан оянады. Адамдар көкқұтан, қарлығаш, көкек сияқты жыл құстарының күнгей оңтүстіктен қыстың аяқталып, сұлу көктемнің өз күшіне енгені туралы «ізгі хабар» алып келуі үшін ұшып келетініне сенеді. Бұл күн жаңаруға, жаңа басталған істің сәтті аяқталуына себеп болады: егер Благовец күні жеміс беретін ағаш отырғызса, онда сол ағаштың жемісі балдай тәтті әрі өнімі мол болады, ал егер омарташы дәл осы күні араларын шығарса, онда бал бұрынғыдан да тәтті, пайдалы деп есептелінеді. Бұл күні ерте тұрған адам жыл бойы байлыққа кенеліп, табыстан табысқа жетеді деп саналған. Егер Благовец күні бір тілім нан, теңгемен үйден шықсаң, қарның тоқ, көйлегің көк болмақ, ал егер керісінше болса, онда құт-берекеңді үркітіп алуың мүмкін.

Сонымен қатар, Благовец күні болгар халқының ұстанатын әдет-ғұрпы да бар. Ең алдымен, бұл күні жұмыс істемеген абзал, бірақ, үйді жинастыруға болады, ол тазалық пен жаңаруды білдіреді. Благовец күні аналарға құрмет көрсетіледі, әрбір ана Қамқоршы әрі Құтқарушы – Қыз Мәриямның бейнесін өзімен алып жүреді. Ескі наным бойынша бұл күні орман иелері мен су перілері және де арғы әлемнің басқа да өкілдері, әсіресе жылан өз иеліктеріне оралады. Болгарлықтар әрқашан жыланға бабалар рухы деп ерекше құрмет көрсеткен. Олар өз ұрпақтары мен үйлерін қорғап, жылан кейпінде келіп отырған. Сол себепті де Благовец мейрамында арнайы нан пісіріп, табалдырыққа сүт қойып арнайы ырым жасаған.

Благовец күні ең алдымен, қымыздық пен қалақай сияқты жасыл көкеніс жеу керек. Бұлар бүкіл ағзаның қан айналымын жақсартады. Денедегі жаралар тез жазылып, ауру жеңілденеді. Сол себепті Болгарияда көптеген қыздар алғаш рет өздерінің құлақтарын дәл осы Благовец күні арнайы мамандарға тестіретін жақсы дәстүр қалыптастырған. Ал кішкентай балалар бұл күні құлақтарын тестіруге қорықпаса да болады, STUDEX SYSTEM 75-тің көмегімен құлақ тесу – мейрамның нағыз жалғасы болып табылады.

Photo: twobee / FreeDigitalPhotos.net

Leave a Reply

You must belogged into post a comment.