Сырғалардың мәні бар!

DeniseОсыдан біршама уақыт бұрын мен осы бейне таспаны fixperts.org. -тан көрдім.Мені таң қалдырғаны біздің күнделікті «ұсақ-түйекке» санайтын заттардың,біздің өміріміздегі маңыздылығы.Бұл сөздің маңыздылығы бұл «ұсақ-тйектерге» әркімнің қолы жете бермейтіндігінде.Таңертең әдеттегідей әдемі де сәнді сырғаларды тағып алу үйреншікті нәрсе сияқты болғанымен Дениз Стивенс үшін бұл мүлдем олай емес.Ол асқынған склероз ауруымен сырқат.

Fixperts –адамдардың күнделікті ауыртпалықтарын шешетін ұйым.Мұнымен бірге FixPartners, Fixperts и FixFilmmakers-те біріккен.FixPartner-мұқтаждарға күнсайын көмектесуге дайын адамдар.Дениз сырғаны 16-жасынан бастап таққанымен сырқатының себебімен сырғасының қапсырмасын өзі кигізе алмайды.Сырқатының әсері қолын жансыздандырып,әлсіретіп көзінің көруі төмендеп,балдақпен ғана жүретін болған.Бірақ Дениз күнделікті кейбір,мысалы түйме тағу ауыртпалығын барысынша жеңеді.Ал нағыз сырғаның қапсырмасын тағу үшің Fixpert-тегі Флори Салнот көмегіне жүгінеді. Fixperts- өз дарындары мен қабылеттерін қолдана отырып, мұқтаждарға көмектесетін инженерлер мен дизайнерлер.Әдемі меруерт сырға тағатын Флориға Дениз сырға қапсырмасын тағудың ол үшін қандай қиын екенін түсіндірді.

FixFilmmakers Питер Джадсон пен Рейчел Сингер Дениз пен Флоридің кездесулерін,қапсырма тағу барысын құжаттандырған.Сол бейне-таспаның 3:23минутындағы Дениздің: «мен көптеген уақыт сырға тақпап едім,енді мен өзімнің сүйікті сырғаларымды тағатын боламын» деген толқыған дауысы естіледі.Дениздің бұл сөзінен сырға тағу сияқты «ұсақ-түйектің» адам үшін қандай зор маңызы бар екенін түсінеміз.

Fixperts көптеген мұқтаж адамдарға соның ішінде мүмкіншіліктері шектеулілерге,қарт адамдарға көп көмек беруде. Fixperts Дэн Джексон пен Софи Бос мысалы Эдна Дейге арнайы ыңғайлы шұлық жасап шығарды.Бір Британдық компания мен бірге Fixpert-тің арқасында жас қыз Милла бір қолды болса да бөтелке шыныларды аша алады.
СізFixperts,-тің арнайы бетіне кіріп осы және FixFilms сияқты басқа да проектілер мен таныса аласыз.Мұқтаждарға қол ұшын беруге көмегіңізді ұсынсаңыз да болады.

Leave a Reply

You must belogged into post a comment.