Дженифер Анистон. «Мен 13 жасымда құлағымды өзім тестім».

Дженнифер Энистон и ее отец, Джон Энистон - © Andrew Evans / PR Фото

Ақпан айында Дженифер Анистон ойда жоқта құлағын 13 жасында өзі тескені туралы мәлімдейді. «Ол үшін мен картоп пен балдыркөкті пайдаландым» дейді. Дәл қалай болғаны Дженифердің есінде жоқ, бірақ ол айтқан көкеністер құлақ тесуге емес, сорпаға лайықты дүниелер еді.

«Frіends» сериалынан кейін танымал болған 43 жастағы актриса есіне алып: «Мен құлағымды тесер алдында мұзды пайдаландым. Барлығы анық есімде жоқ, бірақ ине мен жіп әрине болды, ал картопты тескеннен кейін тесікке бастым» дейді. Ал балдыркөктің рөлі жайында актриса ешнәрсе айтпады. Өткенге көз жүгірте отырып, Дженифер Анистон бұл оқиғаны қызықты әрі көңілді деп табады. Бұдан мынадай сұрақ туады: Неліктен ол бұлай жасады? Мүмкін оның ата-анасы құлақ тесуге қарсы болды ма, әлде ол өзі сұрауға батпады ма? Бірақ мұндай жағдайды көбісі басынан өткерген. Қазірдің өзінде көптеген жастар өз құлақтарын өздері теседі немесе достарына тескізеді, себебі кәсіпқойлық тестіру – өте қымбат деп ойлайды.
Қазіргі уақытта әдемі актрисадан оның сұлулығының құпиясын сұрайды. Сәнді шашы мен бетінің әдемілігі оны сұлулықтың үлгісі етіп көрсетеді. Әрине, ол осындай болып жүру үшін дұрыс тамақтанып, йога, фитнеспен шұғылданады, бет күтімі мен дене күтіміне қатты көңіл бөледі. Қара дақтардан құтылу үшін лазерлік терапия мен пилингтер жасатады. Оның шаш күтімін калифорниялық топ-стилист Крис МакМиллан жасайды. Ал күнделікті күтімге Дженифер «қарапайым» 2.49 $ тұратын Нойтрогенаны (Neutrogena) пайдаланады.
Дженифер балалық шағында құлағын өзі тескеннен кейін тағы да бірнеше рет тескен (болжаммен кәсіби жол). Егер қателеспесем әрбір құлағында үш тесіктен. Ол кейде сырғаны әрбір тесігіне тақса, кейде кейбіреуіне ғана тағады. Кей күндері мүлде тақпайды да. Дегенмен де бұл аса маңызды емес! Ең бастысы Дженифер – көңілі көтеріңкі болып жүретін адам.

Leave a Reply

You must belogged into post a comment.