Құлақ тесу үшін жазғы кеңестер

Жаз әсіресе жазғы демалыстар құлақ тесуге қолайлы мезгіл. Күнделікті қамдардан арылып,жаңа сырғаларға үйреніп және күтімге ыңғайлы уақыт. Ата-аналарға да балаларына күтім жайлы айтуға ерекше көңіл бөле алады.

Бұл уақытты ата-аналар қыздарының мектепке1 қыркүйекке жаңа сырғалары мен баруы үшін таңдайды. Құлақ сырғалығына және жаңа сырғаларға күтім жасауды олар өз жауапкершілігіне алады. Мысалы ұзын сырғаларды спортпен шұғылдану кезінде шешіп қою керек. Тіпті көлемі ірі сырғалар да қауіпсіздік тұрғыда шешілуі қажет. Алғаш құлақ тескен кезде сырғаларды 6апта бойы шешпеу керек болғандықтан, жазғы демалысқұлақ тесуге ең қолайлы уақыт болып табылады.

Төменде келтірілген біздің жазғы кеңесіміз сіздің көптеген сұрақтарыңызға жауап береді.

Құлақ тескеннен кейін демалысқа жол сапарға шығуға бола ма?

Әрине бұл кедергі емес,тек құлақ тесігіне күніне 2 рет күтім жасауға ұмытпау керек. Өзіңізбен бірге мақта мен Стадэкс гелін алуға ұмытпаңыз. Геліңіз бітіп қалмау үшін өзіңізбен молырақ ала шығыңыз. 6 мл Стадэкс гелін сіз ұшаққа да ала бараласыз.

Құлақ тескеннен кейін сол бойы суға жүзуге бола ма?

Құлақ тескеннен кейін ортақ бассейінге 6 апта бойы түспеген дұрыс. (ал шеміршек тескеннен кеін 12 апта) Қанша дегенмен құлақ тесу ол кішігірім жаралау,сондықтан шама келгенше тазалықты сақтау керек. Бассейіндерде хлор көп болғандықтан жара тітіркенуі мүмкін.
Бірақ жақсы жағы да бар: теңіз және мұхит суы жараның тез жазылуына септігін тигізеді. Сондықтан рахаттана теңіз суына түскеннен кейін, топырақтан тазару үшін міндетті түрде душ қабылдаңыз.

Құлақты күнге күюден қалай сақтауға болады?

Құлақ тескеннен кейін сіздің құлағыңыз сезімтал болып келеді. Сондықтан тікелей күн сәулелерінен қорғалуы керек. Бұл үшін арнайы крем жағудың қажеті жоқ, басыңызға қалпақ немесе орамал тартсаңыз болғаны.

Қорытынды:

Жаңа тесілген құлағыңыз сізге ауыртпалық тудырмайды, тек қай жерде жүрсеңіз де күтім жайлы ұмытпасаңыз болғаны. Демалыстан көңілді оралғаннан соң сіздің жаңа сырғаларыңыз сіздің ажарыңызды жайната түскенін байқайсыз:):-)

Назарыңызға: Біздің қолдану ережелерінде келтірілгендейбіздің кеңесіміз медициналық кеңес ретінде қарастырылмау керек. Егер сізде медициналық сұрақ туындаса дәрігерге қаралыңыз.