Советы на зиму

Winter
Суық мезгілде біз үнемі бас киім ,жылы мойын-орамал ,улкен жағалы киім киеміз.

Көшеде неғұрлым салқын болса,соғұрлым жылы киініп,мойынымыз бен құлағымызды қымтаймыз.Егер сіз салпыншақ сырға тағатын болсаңыз,білесіз ылғи сырғаңыз мойын-орамалыңызға, бас киіміңізге  немесе жағаңызға іліне береді.Сондықтан  сізге беретін ақыл-кеңесіміз :

-Қыс мезгілінде  сырға-шегелер тағыңыз,олар сізге  қиындық тудырмайды.

-Бас киіміңізді құлағыңызды жауып тұратындай етіп киіңіз.

-Егер киіміңізді шешіп жатып,сырғаңызды іліп кетсеңіз,құлағыңызды арнайы күтім гелін  немесе лосьонын жағыңыз.

Қыс мезгілі құлақ тесуге қолайлы ма?

Көпшілік қыс мезгілі,салқын болғандықтан құлақ тесуге қолайсыз деп түсінеді.Негізі салқын мезгіл құлақ тесуге ең қолайлы уақыт.Себебі салқын құлақ тесігінің жазылу барысына өте пайдалы әсер етеді.Сондықтан жазға қалдырмаңыз.Ал жаз мезгілінде сіз әдемі ,қалаған  әртүрлі сырғаңызды,сенімді түрде  алмастырып тағып жүресіз.

Сондықтан алға!Бәріде ойдағыдай болады!